Оразақын Асқар Жақсылық алда (0) songtext

Жақсылық алда songtext

Оразақын Асқар

0
0

Teilen:


Сары уайымға салынып,
Төндірме ақыр заманды.
Жақсылық алда барын ұқ,
Негізі жаңа қаланды.
Қиындық, ауыртпалықтың
Екені айқын не үшін:
Бағы үшін еркін халықтың
Теретін өзі жемісін.
Ентелеу оңай еңіске,
Бөгет көп шыңға өрлеуге.
Жеткенше нағыз жеңіске
Тиіспіз тыным көрмеуге.
Қамықпас қазір мұны ұққан,
Келмеске кетсін пәлекет.
Арылып құлдық құлықтан
Өзіңше жаса әрекет.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016