Нұржан Төлендиев Қарттар үйі (2018), songtext

Қарттар үйі songtext

Нұржан Төлендиев

2018

15
0

Teilen:



Биік таулар бойшаңмын деп шіренбе
Күнің жетсе сенде бір құз боларсың
Терең теңіз тәкәппарсып түнерме
Суың кетсе сенде бір шөл боларсың
Ұлықпандай тапсаң дерттің дауасын
Рүстемдей жыртсаң жаудың жағасын
Ескендірдей алсаң да әлем қаласың
Бәрі бір сен жермен жексен боларсың
Тыңдаған жұрт үлгі тұтса сөзімді
Менменсінбе төмен ұста өзіңді
Наданға ерсең, қараңғы көр боларсың
Данаға ерсең, күндей ашар көзіңді
Бәрі бір сен жермен жексен боларсың








Kommentare

ulakz

02 Mai 2021

Нұржан Төлендейів ағамыз ұзақ ғұмыр кешшін рахмет сізге маған көп пайдаңыз тиді

Арай

Korrigierte Text

06.05.2021
Nutzer