Қараторғай songtext

Нұрсұлу Шалтаева

Қараторғай

0
0

Teilen:


Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.
 
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.
 
Ертістің аржағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай.
 
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.
Нұрсұлу Шалтаева, Қараторғай songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

24.02.2016
Musikvideos
Нұрсұлу Шалтаева
Қараторғай