Nurbullin & Мәдина Сәдуақасова Сезім бал (2019), songtext

Сезім бал songtext

Nurbullin , Мәдина Сәдуақасова

2019

11
0

Teilen:



Жылжымас күндерді санай
Мен жүрмін жолыңа қарай
Сүйіктім сен де мені ойлап
От болып жандың ба талай
Ақ бұлтқа шақырып арман
Ғажайып күйге енді бар маң
Көзімнен ізде сөзімді
Өзіңе айта алмай қалған

Қайырмасы:
Сезім бал, сезім бал, сезім бал
Жанарымда, жанымда да өзің қал
Сөзің бал, сөзің бал, сөзің бал
Жүрегімді ұсынайын тонамай-ақ тегін ал

Айналдың бақыт құсына
Жетесің гүліңді ұсына
Сен менің тағдырымдағы
Айналдың сағынышыма
Көздерің мені тонады
Жауладың неге сананы
Алыстап кете алмай сенен
Өртеніп жүрек барады






Kommentare

Asem

09 März 2019

Ермек

10 März 2019

Өте керемет орындау жарайсындар...

Нургали

02 August 2020

Керемет өлең

Admin

Korrigierte Text

08.03.2019
Nutzer