Нұрбигүл Сағындыққызы Жолың болсын, жылама (2019), songtext

Жолың болсын, жылама songtext

Нұрбигүл Сағындыққызы

2019

0
0

Teilen:



Бүгінгі күн дегенімен тым ауыр
Бақытыңның бастауы деп ұға біл
Бір ауылың жылап артта қалғанмен
Шашу шашып қарсы алады бір ауыл

Қайырмасы
Жолың болсын жылама!
Көз жасыңды бұлама
Өз анаңнан кеткенмен
Қарсы алады ау бір анаң
Өз әкеңнен кеткенмен
Әке болар құда да
Бақытты бол жылама, жылама!!!

Қарайлама ел қалғанмен артыңда
Қимастықпен қоштасып тұр халқыңда
Қыз жат жұрттық оған енді көнесің
Жазылған заң ата дәстүр салтыңда

Қайырмасы
Жолың болсын жылама!
Көз жасыңды бұлама
Өз анаңнан кеткенмен
Қарсы алады ау бір анаң
Өз әкеңнен кеткенмен
Әке болар құда да
Бақытты бол жылама, жылама!!!







Айгул

Korrigierte Text

26.03.2019
Nutzer