Нұрбигүл Сағындыққызы Тыңдашы, сырымды (2019), songtext

Тыңдашы, сырымды songtext

Нұрбигүл Сағындыққызы

2019

0
0

Teilen:



Тыңдашы сырымды айтам айтпа ешкімге
Өзгелерге сене алмаймын жалған бес күнде
Сақтаймын жүрегімде сені мәңгілік
Арнаймын сезімімді саған ән қылып
Тыңдашы сырымды айтам айтпа ешкімге
Өзгелерге сене алмаймын жалған бес күнде
Ақтаймын сеніміңді қымбатсың маған
Жаным мен жүрегімді ұсынам саған

Қайырмасы
Тағы тағы еркелетші гүлімдеп мені
Айналамды көркем етші күнім боп мені
Жүрегімді жаулап алған мәңгі көктемім
Әлі талай талай айтар сырым көп менің

Бақытты күнді кешіп бірге келеміз
Бақтардан сол бақтардың гүлін тереміз
Бағым деп бағалаймын аяулым сені
Сүйем деп айтқан сөзің жанымның емі

Қайырмасы
Тағы тағы еркелетші гүлімдеп мені
Айналамды көркем етші күнім боп мені
Жүрегімді жаулап алған мәңгі көктемім
Әлі талай талай айтар сырым көп менің








Айгул

Korrigierte Text

23.02.2019
Nutzer