Мырзахан Маханов & Ислам Алтайбаев Сен үшін тағы айтам ән (2020), songtext

Сен үшін тағы айтам ән songtext

Мырзахан Маханов , Ислам Алтайбаев

2020

12
0

Teilen:



Өтеді керуен уақыт
Өмірімде мен көрген бақыт
Сендей болмас ешкім
Арманыңды сұрамайды
Тек біздерді сынамайды
Бұл бес күн
Менің бөлек тілегімде
Қалып қойған жүрегімде
Бір ұмытылмас мұң бар
Сағынсанда бұлар қайғы
Жалынсаңда оралмайды
Сол жылдар

Қайырмасы:
Бірге болайық қайтадан
Қателіктерді ұмыту үшін
Сен үшін тағы айтам ән
Нәзік жаныңды жылыту үшін
Бірге болайық қайтадан
Екеуміз ғана жаңа өмір бастап
Жанымда болсаң жәй табам
Өкпе мұныңды өткенге тастап

Бірге өткізіп бір уақытты
Сезінейік бұл бақытты
Сәт бағаланбай қалмас
Сезім гүлі сенде мүлде
Басқаша едің көргенде
Мен алғаш
Сен әнімсін мәңгі айтатын
Сағындырып сарғайтатын
Күз келе бермес күнде
Сырғамастай арамызда
Өмір бойы боламыз ба
Біз бірге

Қайырмасы:
Бірге болайық қайтадан
Қателіктерді ұмыту үшін
Сен үшін тағы айтам ән
Нәзік жаныңды жылыту үшін
Бірге болайық қайтадан
Екеуміз ғана жаңа өмір бастап
Жанымда болсаң жәй табам
Өкпе мұныңды өткенге тастап

Сағыныш белгісі бұл
Өткен күндердің
Өкініш өртеп барады
Амал бар ма
Сарғайып сол бір нәзік
Сол бір гүлдердің
Бейнесі қалған ба
Сенің жаныңда

Қайырмасы:
Бірге болайық қайтадан
Қателіктерді ұмыту үшін
Сен үшін тағы айтам ән
Нәзік жаныңды жылыту үшін
Бірге болайық қайтадан
Екеуміз ғана жаңа өмір бастап
Жанымда болсаң жәй табам
Өкпе мұныңды өткенге тастап
Сен үшін тағы айтам ән







Асхат

Korrigierte Text

17.05.2021