Мұрат Жаңабеков Өлшеулі өмір songtext

Өлшеулі өмір Мұрат Жаңабеков

2017

16
3

Teilen:




Songtext


Менің үніме құлақ түр елім
Бәрі бәрі де сынақ білемін
Өмір жайында ойлана қалсам
Ессіз адамдай жылап-күлемін

Жүрміз өлместей өмірге келіп
Жалғанның жайлы төрін де көп
Басыңа жауған бақыттың қары
Түседі-ау бір күн көңілден еріп

Кетер әкең де анаң да кетер
Кеткенше саған алаңдап өтер
Тірі кезінде құрметте бәрін
Өкпелегенше заманға бекер

Бармас ешкімге тіршілік баға
Татымас тағдыр бір шыбыққа да
Анау өмірге апаратының
Құдайға қылған құлшылық қана

Шіркін таусылса әттеңің ғана
Өлшеулі өмір сәттерін қараша
Жалғаннан жалғыз алатын еншің
Бір екі метр ақ кебін ғана

Сыналар өмір өтінде күшін
Бай адам мықты секілді ел үшін
Жер бетін ешкім жаулай алмайды
Жер жаулап алар бетіндегісін

Жетер Алладан үкім алдағы
Пенденің өлмеу бүкіл арманы
Айтып келмейтін ажал құрғырдан
Қорқыттың өзі құтыла алмады

Қалар артында жаңғырып елес
Әрбір адамның тағдыры белес
Бәріне мәңгі өмір тілер ем
Өмірде бәрі мәңгілік емес



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Kommentare
balnrasylbekova@gmail.com
31 März 2021

Мә күшті ән ше

Hinzugefügt

04.04.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz