Мендегі сезім songtext

Mukhammed Kerei

2019

0
0

Teilen:



Жанарың күндей жайнаған гүлдей
Жадырап күлші жабырқап жүрмей
Түнеріп түндей кеттің деп күлмей
Сенденіп жүрсің себебін білмей
Сағындың сенде сағындым менде
Сыңарын іздеп соғады кеуде
Жауабын сұрап жанымау жылап
Жүрегім бірақ бақытсыз деме

Қайырмасы
Шоқ менде сезім ,жоқ менде төзім
Жанымды менің,түсінер өзің
Махаббат сөзін айтады көзім
Бақытың болып келемін өзім

Өкпелеп күнде,кектеніп бірде
Жүрегің маған жылынбай жүрме
Өзіңнен басқа өтінем кімге
Үзілмесінші үмітің мүлде
Шын жүрегіммен шын тіледім мен
Өмірде болып бір тілегіңмен
Болсада сынақ өзіңе шыдап
Өзіңмен жылап бір көнемін мен

Қайырмасы
Шоқ менде сезім ,жоқ менде төзім
Жанымды менің,түсінер өзің
Махаббат сөзін айтады көзім
Бақытың болып келемін өзім

Mukhammed Kerei, Мендегі сезім songtext, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Korrigierte Text

26.04.2019
Nutzer