Баурап алған Mukhammed Kerei

2019

0
0

Teilen:




Songtext



Жаным жүрші менің жанымда
Айналмашы сағымға
Сыңғыр күлкің оятсын
Атқан әрбір таңымда
Бағың жайна менің бағымда
Сайра менің бағымда
Бірге өткізген әр сәтті
Бақытым деп қабылда

Қайырмасы
Жүрегіңді жаулап алған
Баура, баурап алған
Жалғыз сенсің жан қалауым
Таңдап алған бар ғаламнан
Тек мен үшін сен жаралдың
Тек сен үшін мен жаралған

Күнім күлімдеші көгімде
Шуақ шашып көңілге
Жүрсің жалғыз жанымау
Жүрегімнің төрінде
Гүлім түсімде де өңімде
Көңіл сені көруде
Кездестірген өзіңмен
Өкпем болмас өмірге

Қайырмасы
Жүрегіңді жаулап алған
Баура, баурап алған
Жалғыз сенсің жан қалауым
Таңдап алған бар қадамнан
Тек мен үшін сен жаралдың
Тек сен үшін мен жаралған





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Hinzugefügt

17.04.2019