Медеу Демеу Медеуұлы Жазылмаған жырым сенсің (0) songtext

Жазылмаған жырым сенсің songtext

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Teilen:


Иланарсың, иланбассың бұған шын,
Сен мен үшін жазылмаған жыр-әнсің.
Аз дейсің бе, қайғы-азапты мен көрген,
Неге мені күттіруге құмарсың.

Мейлі, мәңгі орнамасын арай бақ,
Мейлі, мәңгі өтейін мен қарайлап.
Жарқынам-ау,жанарға жас іркіліп,
Күндіз-түні жүремін тек сені ойлап.

Азап,азап екен ғой бұл ой деген,
Тасынған мен жыр атқылап, бойда өлең.
Бақытымды тапқан жандай болам мен,
Өзің жайлы ойлап кетсем кейде мен.

Болмаса да арамызда анық сән,
Табылуға асықтым мен тарықсаң.
Жырларыма жылу бердің,жарқыным,
Жанарымда жас боп тұндың қамықсам.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016