Медеу Демеу Медеуұлы Телефоным бүгін де шырылдады (0) songtext

Телефоным бүгін де шырылдады songtext

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Teilen:


Шыға жаздап шырылдап шыбын жаны,
Телефоным оқыстан шырылдады.
Жүгіріп кеп көтердім трубканы,
Сен емессің. Қайнады зығырданым.

Өкпелісің. Болды осы ұғынғаным,
Қайран көңіл сәл-ақ тұр жығылғалы.
Шырылдаса жүгірем сен екен деп,
Жалған үміт екен ғой мұның бәрі.

Сәл тыныстап ол тағы шыр етеді,
Шыр етеді. Көңілім дір етеді.
Ұмыттың ба? Ар жақта бөтен дауыс,
Кешке дейін осылай күн өтеді.

Демегейсің мұңсызсың, масаңдаусың,
Үнсіздігің көлгірсу, жасанды-ау шын.
Күнде күтіп жүрмін мен алаңдаумен,
Енді қашан естілер әсем даусың?






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016