Медеу Демеу Медеуұлы Сүйгенің сатып кетсе егер (0) songtext

Сүйгенің сатып кетсе егер songtext

Медеу Демеу Медеуұлы

0
0

Teilen:


Түскенде өзің еске өлең,
Күтуші ем сені кеште мен.
Жаным-ау, сенсең азапты,
Дәл мендей ешкім кешпеген.

Қол бұлғап талай қайғы алдан,
Мұңды бір жанға айналғам.
Теңеуші ем сені жібекке,
Кем көрмеуші едім Айманнан.

Қазір де мұңлы күйде өлең,
Жанымды азап билеген.
Бір сені білсең әлі ешкім,
Дәл мендей ессіз сүймеген.

Көрмеген ешкім тозақ қып,
Махаббат деген-азаттық.
Тәлкекке соны салар көп,
Сезімсіз жандар мазақ қып.

Бақытын таппай іздеген,
Құлазып кеттім күзбенен.
Жарқыным, әлі жоқ шығар,
Дәл мендей сені іздеген.

Түсінгін, мейлі, түсінбе?
Есімде жүрсің, түсімде.
Кінәлі мен-ақ болайын,
Сүйгенім сені үшін де.

Кездескен сәттер кештегі ең,
Бәрін де, жаным, ескерем.
Келмейді екен күй қайтып,
Сүйгенің сатып кетсе егер.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016