Ғашықтар жыры songtext

Медет Салықов & Клара Төленбаева

Ғашықтар жыры

4
0

Teilen:



Мен сенің күнің болып күлімдейін,
Тербелсін жүрегімде үнің дейін,
Жайнаған жасыл құрақ ағындағы, гүлім дейін.
Өзіңнен өз үмітіме өкінбейін,
Жартысын жүрегімнің бүтін дейін,
Қосылып, қол ұстасқан тағдырыма өкінбейін.

Қайырмасы:
Айдынға ақ қанатын жайған айым,
Ақ құба дидарыңнан айналайын,
Тербетіп толқынымен аққуындай, аймалайын.
Айдынға ақ қанатын жайған айым,
Ақ құба дидарыңнан айналайын,
Тербетіп толқынымен аққуындай, аймалайын.

Серігім тек өзіңе сенген едім,
Сүйсініп самалыңа тербелендім,
Жазылған маңдайыма бақытымау бір сен едің.
Ән болып аспаныңда қалықтайық,
Арманның асылына қанат жайып,
Тілеймін кетпесінші басымыздан бақыт айы.

Қайырмасы:
Айдынға ақ қанатын жайған айым,
Ақ құба дидарыңнан айналайын,
Тербетіп толқынымен аққуындай, аймалайын.
Айдынға ақ қанатын жайған айым,
Ақ құба дидарыңнан айналайын,
Тербетіп толқынымен аққуындай, аймалайын.

Медет Салықов & Клара Төленбаева, Ғашықтар жыры songtext, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

Akniet Nurzhanov

01 November 2016

оте жаксы

Admin

Korrigierte Text

20.10.2016
Nutzer