Марта Төлепберген & Алуа Қосан Анашым (2019), songtext

Teilen:



Ақ бесікті тербеп біздің сен
Ақ сүт беріп ер жеткіздің сен
Ғибратты ғұмырыңның жартысын
Жаудан қағып жолды өткіздің сен
Жібін үзбей ізгі үміттің сен
Жылы жүзбен бізді күттің сен
Мейріміңе мұқтаж мына ғаламда
Үлгісі едің ізгіліктің сен

Қайырмасы
Балам дедің балқып сүйдің
Өз жағдайыңнан артық сүйдің
Омырауыңнан өмір беріп жұпардың
Жұмақ болып бақыт сүйдің сен
Шат көңілмен шалқып сүйдің
От деміңмен шарпып сүйдің
Кірпік ілмей ұйқы көрмей талай түн
Тауқыметті тартып сүйдің сен анашым!

Естен кетпес әлди үнің сен
Алас армас ар биігім сен
Жалғыз ауыз балам деген сөзіңмен
Жазушы едің жан күйігін сен

Қайырмасы
Балам дедің балқып сүйдің
Өз жағдайыңнан артық сүйдің
Омырауыңнан өмір беріп жұпардың
Жұмақ болып бақыт сүйдің сен
Шат көңілмен шалқып сүйдің
От деміңмен шарпып сүйдің
Кірпік ілмей ұйқы көрмей талай түн
Тауқыметті тартып сүйдің сен анашым!








Айгул

Korrigierte Text

12.03.2019
Nutzer