Жайма құшақ, қара жер songtext

Мәриям Хакімжанова

0
0

Teilen:


Жайма құшақ, қара жер,
Мен кірмеймін қойныңа.
Еркіммен барар ойым жоқ,
Салмасаң арқан мойныма!..
Жұтсаң да мыңды тойым жоқ,
Жүрегің қайтып, қойдың ба?!
Бауырың суық, қара жер,
Қойныңа кіргім келмейді.
Табиғат, өзің қуат бер,
Тәуекел еткен өлмейді.
Советтік санлақ дәрігерім,
Ажалға мені бермейді.
От жүректі Отаным,
Кеудемді нұрмен тербейді.
Отаным десем оттанам,
Күш-қуатым селдейді.
Мәриям Хакімжанова, Жайма құшақ, қара жер songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

03.09.2016