Мәриям Хакімжанова Өлгім тіпті келмейді (0) songtext

Өлгім тіпті келмейді songtext

Мәриям Хакімжанова

0
0

Teilen:

lamoda kz

Өлгім тіпті келмейді,
Қанша қорлық көрсем де.
Өжет жаным өлмейді,
Өлді деп мені көмсең де.
Сайраған тілім сайрайды,
Жабысса да таңдайға.
Өрлеген жаным өрлейді,
Оқ атсаң да маңдайға.
Қорлық, зорлық қорқытпа,
Қорықпаймын қорынып.
Ар-намысым қолтықта,
Шығамын тасты опырып!
Бас имеймін жалынып,
Жалынам адал еңбекке.
Жүре алмаспын жабығып,
Басымды қыйдым көнбеске!
Айыбы жоқ адал жан,
Айдауда жүр азаппен.
Артық емес содан жан,
Алыс кетпе, азап сен!






GM

Liedtext sind hinzugefügt

03.09.2016