Мағжан ақынға songtext

Мақұлова Асылай Сатыбалдықызы

0
0

Teilen:


Мағжан ақынға
Айбыны асқақ, рухы биік ұлы ақын,
Қайтпас қайсар, тек алға деп ұратын.
Сен өлмейсің, сенікі де өлмейді,
Тәуелсіз ел болу еді мұратың.

Жапа шектің, уланды ғой жүрегің,
Бар байлығым «Алашым, Жұртым, Ел» дедің.
Қара бұлттың астындағы қазақты,
Өлеңіңнің қуатымен тербедің.

Орның бөлек әдебиет төрінде,
Ақындықтың пірісің сен бұ күнде.
Сендегі үнмен шаабыт алған балалар,
Бүгінгі күн мақсатыңа жетуде.

Мерт болдың ғой ақиқаттың жолында,
Сенім арттың келешек жас толқынға.
Болашағы Тәуелсіз Қазақ елінің,
Сен аңсаған жастардың нық қолында.

Сыршыл ақын, шыншыл ақын шабытты,
Таптатпадың Ар мен қайсар Намысты,
Бүгінгі ұрпақ шалқып жырға қосады,
Мақтанышпен сен секілді алыпты.
Мақұлова Асылай Сатыбалдықызы
Атырау облысы
Исатай ауданы,
Исатай орта мектебі 10-сынып оқушысы
Мақұлова Асылай Сатыбалдықызы, Мағжан ақынға songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016