Түсіндім сенсіз маған өмірде мән жоқ
Ашылып жаным саған айтылса тек жан сырым
Әлемде басқа бақыттың керегі жоқ
Жаныңа жеткізер сүйетінімді сөз барма
Айтшы сен жүрегіңе қалай жол табам
Күлім көз сұлу қыз айналдың ғой арманыма
Анығы жақсы көрем сүйем ұнатам
Қайырмасы
Ақылыма көнбейді жүрегім сені іздейді
Басқа жанды көрмейді
Бар асылым сен дейді
Бір сен деп мен бар болам
Бір сен деп мен жоқ болам
Қорғап жауын дауылдан
Табыламын жаныңнан
Қашанда шексіз алғыс айтам тағдырыма
Қасыңда өткізген әрбір сәтім үшін
Расында саған деген мөлдір таза махаббат
Ең қымбат күндерімнің мәні сен түсін
Қайырмасы
Ақылыма көнбейді жүрегім сені іздейді
Басқа жанды көрмейді
Бар асылым сен дейді
Бір сен деп мен бар болам
Бір сен деп мен жоқ болам
Қорғап жауын дауылдан
Табыламын жаныңнан
Максим Лесников, Ғашығым songtext, 2019 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store