Мақсат Әндешбаев Қылықтым (0) songtext

Қылықтым songtext

Мақсат Әндешбаев

Қылықтым

0
0

Teilen:


Қалқатайым сенің қалауыңа көнсем,
Сыйлағаным емес пе?!
Әр сөзіңе сенсем пәк көңілмен,
Қимағаным емес пе?!
 
Жағдайыңды біліп, хат жазғаным,
Жұбатқаным емес пе?!
Жеңісіңе күліп шаттанғаным,
Ұнатқаным сен емес пе?!
 
Қайырмасы:
Қылықтым-ау, қылықтым,
Үлбіреген тұнықсың.
Жанарыңнан сыр ұқтым,
Қылықтым-ау, қылықтым.
 
Сүйемін деп сені ашық айтсам бәрін,
Батылдығым емес пе?!
Серігің боп қайтсам сынақтардан,
Батырлығым емес пе?!
 
Қызғанбаймын десем өзгелерден,
Алдағаным емес пе?!
Аяласам асыл арманымдай,
Таңдағаным сен емес пе?»
 
Қайырмасы:
Қылықтым-ау, қылықтым,
Үлбіреген тұнықсың.
Жанарыңнан сыр ұқтым,
Қылықтым-ау, қылықтым.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

22.01.2016
Musikvideos
Мақсат Әндешбаев
Қылықтым