Бейбарыс баба songtext

Майя Маслова

Бейбарыс баба

0
0

Teilen:


Бауыр бассаң да тағыңа тіптен,

Сегіз ғасырдай сағына күткен,

Бейбарыс бабам, қазақ халқының

Жамбозы едің бағына біткен.

Шаптыға түсіп, адасып елден,

Құлдыққа өтіп, астың ба белден?

Дүниеде жалғыз өзіңсің, бабам,

Кісенмен кетіп, көсем боп келген.

Даңқыңды шырқап асырдың, көкем,

Біртуа болып - ғасырдың бекем.

Мөлт ете түскен сағыныш жасын,

Ұлыңнан қалай жасырдың екен?...

Мөлт ете түскен сағыныш жасын,

Жарыңнан қалай жасырдың екен?..

 

Жаныңды жадау сағыныш қарып,

Жайықтың лебі бойыңа дарып,

Тұлпарға қамшы бастың ба талай?

Жусанның иісі көкірек жарып.

Алыстан жетті-ау, баба, ізгі үнің,

Көзайым болып саяңда бүгін.

Ғұмырдың өзі әйгілеп берді,

Тақ пенен бақтың баянсыздығын.

 

Шайқала бермес емендерім-ау

Шарқ ұрып сыймас көгенге мынау

Бала боп кетіп, дана боп қайттың

Ақ Жайығыңа, кемеңгерім-ау.

Бала боп кетіп, дана боп қайттың

Ақ Жайығыңа, кемеңгерім-ау.

 

Астында тағы, басында бағы бар,

Бірақ, ұйқысынан: «Туған жер,

Қайран Жайық, қадірлі ата жұртым» деп оянады, дерсің...

 

Шаршатқан шығар алдамшы арман,

Бақи мәңгілік дүние жалған,

Ұлтан көп елде Бейбарыс бабам

Қыпшақтан өзің сұлтан боп қалған.

Сұлтан боп билік құрған ең топқа,

Төтеп берген ең у менен отқа.

Алыс өлкеңнің жайлы топырағы

Жамбасқа батып жатқан жоқ па?

 

Егемен күнін нұрға бояған,

Жақсылық жырға тоя ма адам?

«Бармысың, ботам», деген даусыңнан,

Беймезгіл шақта шошып оянам.

«Бармысың, ботам», деген даусыңнан,

Беймезгіл шақта шошып оянам.

 

Ерлігің сенің - таусылмас жыр-ән,

Арабқа сіңген азатшыл ұран.

Ескерткіш болып оралдың елге,

Қазақтан ұшқан қанатты қыран.

Ескерткіш болып оралдың елге

Атыраудан ұшқан қанатты қыран.
Майя Маслова, Бейбарыс баба songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

23.11.2015