Songtext
Қазағымның даласы,
Байтақ неткен қарашы?!
Қалдырған бабалардың бақ мұрасы.
Жаса, мәңгі жастары,
Алға қарай бас қадам.
Көгінде желбіресін көк байрағың!
Қайырмасы:
Шарықтай бер, самға көкте,
Қанатын жайған қырандай.
Алтын Ту асқақ ұрандай,
Туған елім, туған жерім.
Алтын бесік, атамекен,
Өзіңсің айтар ән-жырым.
Өзің деп соққан жүрегім,
Бақыт қонған байтақ елім менің.
Армандары табысқан,
Жаралған от-намыстан,
Біз жастар жарқыраған, жалындаған.
Біз халықтың еркесі,
Халықтың біз ертеңі,
Шуақты, нұрлы күнге жол бастаған.
Қайырмасы:
Шарықтай бер, самға көкте,
Қанатын жайған қырандай.
Алтын Ту асқақ ұрандай,
Туған елім, туған жерім.
Алтын бесік, атамекен,
Өзіңсің айтар ән-жырым.
Өзің деп соққан жүрегім,
Бақыт қонған байтақ елім менің.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).