Клара Төленбаева Жібек сезім (2019), songtext

Жібек сезім songtext

Клара Төленбаева

Жібек сезім

29
0

Teilen:



Қол жетпес көрікті арман,
Сезімге серік болған,
Сенбісің аққу құсым,
Айдынға келіп қонған
Айтайын жүрек сөзін
Бағыма тілекші өзің
Бұл жүрек сені іздейді
Үлбіреп жібек сезім
 
Қайырмасы:
Айымда сен , күнімде сен
Жанымды тербейсің күлімдесең,
Жанымда сен бағымда сен
Сүймесем сені сәулем, дәл бұлай сағынбас ем!
 
Арманым аңсатсаңшы
Сырымды сен сақтаушы
Жылайды жанарымда,
Мөп мөлдір моншақ тамшы
Балдәурен тәтті шағым
Сен іздеп көкке ұшамын
Жанымнан жырақ кетті,
Жылытқан жат құшағың






Kommentare

Аиша Мусаева

01 November 2018

караокесин анык гып басса

Гульжанат Акшораева

14 December 2019

Карокесі керек

Раушан

24 Juni 2020

керемет ән

02.06.2019
Nutzer