Жаңа жыл Қазақ жұлдыздары

Жаңа жыл

4
0

Teilen:


Songtext



Қар да аппак, ай да аппак
Аппақ қырау кестелі
Ақ жібектей ақша қарды
Күн сәулесі тербеді
Тынып сезім шаттанады
Сезіп алда үмітті
Бар әлемді аппақ көрпе
Құшағына бөледі

Қайырмасы:
Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа ғасыр, жаңа бақыт ,жаңа нұр
Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Табиғат алдында
Бас иеді адамзат.
Жаңа жылдың қарсаңында
Көтерілді көңіл шат
Ғасырлардың тоғысына
Куә болдық бәріміз,
Жаңа мақсат армандарға
Жетіңіздер бәріңіз!

Қайырмасы:
Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа ғасыр, жаңа бақыт ,жаңа нұр
Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!


Армысың Жаңа жыл!
Қош бол ескі жыл таныс
Қауышайық, табысайық
Алайықшы мың алғыс
Табысар деп жаңа ғасыр
Жақсылықтың нышаны
Бақытты боп барша халық.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Hinzugefügt

30.12.2015
Musikvideos
Қазақ жұлдыздары
Жаңа жыл