Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы Қарасаз (0) songtext

Teilen:


Қарасазым, қасиетті жерім сен,
Таң қалдырдың әсем-әсем жеріңмен.
Қонақжайлы болғаныңды соншалық
Жеткізе алман, әсте, оны сөзіммен.

Заңғар тауың аппақ бұлтпен шектелген,
Сенің басты сұлулығың боп келген.
Бұлақтардың сылдыры да шіркін-ай,
Құлағыма қоңыраудай естілген.

Бөбектерің өлеңменен көгереді,
Өтердей жүрегіңнен оқ өлеңі.
Қара сөзді әсемдей сөйлегені
Таң қалдырмай қоймады мына мені.

Қызды жібек, ал ұлдарды қылыш қып,
Қарасазға заман берсін тыныштық!
Талай ақын шығар әлі бұл жерден,
Аспан ашық, заман болса тыныш нық!!!

Мұқағали қаны тамған Қарасаз,
Өр ақынға шабыт берген Қарасаз.
Қазағымды асқақтата ақындар,
Келе берсін, туа берсін жаңа саз!!!


Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының 9 "ә" сынып оқушысы






GM

Liedtext sind hinzugefügt

25.08.2016