«Айгөлекті» билейік songtext

Қ. Смағұл ә. Н. Дүкенбай

«Айгөлекті» билейік

0
0

Teilen:


Еркін елдің ұл-қызы,
Жарқыраған жұлдызы.
Би билейміз бәріміз,
Айдай толқын нұр жүзі.


Қайырмасы:
Біз балдырған баламыз,
Оқып білім аламыз.
«Айгөлекті» билесек,
Бақытты, шат боламыз.



Жадырасын бойымыз,
Өркендесін ойымыз.
Би билейік келіңдер,
Қызсын кештер, тойымыз.


Қайырмасы:
Біз балдырған баламыз,
Оқып білім аламыз.
«Айгөлекті» билесек,
Бақытты, шат боламыз.



Тыңдасын жұрт жан салып,
Тыңдай қақсын тамсанып.
Көтереміз көңілді,
«Айгөлек» деп ән салып.


Қайырмасы:
Біз балдырған баламыз,
Оқып білім аламыз.
«Айгөлекті» билесек,
Бақытты, шат боламыз.

Қ. Смағұл ә. Н. Дүкенбай
Қ. Смағұл ә. Н. Дүкенбай, «Айгөлекті» билейік songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

28.10.2015