Қ. Сәтиев Сарбаздар маршы (0) songtext

Сарбаздар маршы songtext

Қ. Сәтиев

Сарбаздар маршы

0
0

Teilen:


Қырандай түлеп ұшқан арманымыз –
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.


Қайырмасы:
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.



Көк байрақ – арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.


Қайырмасы:
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.



Қара жер – қаны сіңген бабалардың,
Қорғауға шақырады балаларын.
Сапқа тұр,сарбаздары туған елдің,
Қиынға қайыспайтын қара нарым.


Қайырмасы:
Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.

Қ. Сәтиев






GM

Liedtext sind hinzugefügt

28.10.2015