І. Жақанов Еділ - Жайық (0) songtext

Еділ - Жайық songtext

І. Жақанов

Еділ - Жайық

1
0

Teilen:


Құлпырады дала, гүлдейді орман,
Емізеді егіз Еділ мен Жайық.
Ақ шағала айдын, ақталған арман,
Тербетеді кеме, ойнайды қайық.


Қайырмасы:
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!



Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр,
Сырқылдайды сұлу Еділ мен Жайық.
Әуелейді адам, самғайды сұңқар,
Шығандарға, шыңға қанатын жайып.


Қайырмасы:
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!

И. Жақанов






GM

Liedtext sind hinzugefügt

28.10.2015