Мен сені сүйем songtext

Хайруллин Бекайдар

2
0

Teilen:



Жаралдым тағдыр жазып мен сен үшін,
Жанымның ең бір нәзік бөлшегісің,
От сезім жүрегімде сөнбей мәңгі,
Сүйдім мен бұл өмірде сендей жанды

Тау бұлағы аққандай,
Күміс күлкің пәк қандай,
Айға шолпан жаққандай,
Мен сені сүйем,
Жаздың таңы атқандай,
Жаның нәзік мақпалдай,
Айға шолпан жаққандай,
Мен сені сүйем!

Шығасың қарсы алдымнан күліп көзің
Өшпесін тамсандырған тұнық сезім
Жанарың жалындаған жұмбақ ғалам,
Сезімің сенің ғана қымбат маған

Хайруллин Бекайдар, Мен сені сүйем songtext,
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Asem Myrzamuratova

Korrigierte Text

28.04.2020