Songtext
Өмір күресімен аса шаршаған
Ай жүзіне əжім түсе бастаған
Сағыныштан өткен күнді аңсаған
Сол баяғы көздеріңнен таныдым
Қайырмасы
Таныдым таныдым таныдым
Сол баяғы көздеріңнен таныдым
Таныдым таныдым таныдым
Сол баяғы көздеріңнен таныдым
Еркелікпен күліп қасты кергенде
Сіз баяғы сол қыз бедің дегенде
Басты изеп күнім шырай бергенде
Езу тартып күлгеніңнен таныдым
Қайырмасы
Таныдым таныдым таныдым
Сол баяғы көздеріңнен таныдым
Таныдым таныдым таныдым
Сол баяғы көздеріңнен таныдым
Сезіміме дəл қағылған қазығым
Жүрегімнен орын алған нəзігім
Шын сүйгенім бəлкім менің жазығым
Сол үшінде бір көргеннен таныдым
Қайырмасы
Таныдым таныдым таныдым
Сол баяғы көздеріңнен таныдым
Таныдым таныдым таныдым
Сол баяғы көздеріңнен таныдым
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).