Хабарласып тұрайық Естай Аликеев

2019

0
0

Teilen:




Songtext



Ағайындар туған туыс,
Аманбысың армысың.
Жора жолдас,құрбы құрдас,
Есенбісің бармысың.
Хабарласып тұрайықшы,
Өкпе наздар арылсын.
Көре алмайтын дұшпандардың,
Іші мейлің жарылсын.

[Қайырмасы]
Сәл көрмесек алаңдайық,
Қайдасың деп сұрайық.
Келте ғұмыр өте шығар,
Хабарласып тұрайық.

Аға-жеңге,әпке-жезде,
Нағашылар қайдасың?
Құда-жекжат,жиендерім-
Бал жүздерің жайнасын.
Хабарласып тұрайықшы,
Телефондар сайрасын.
Көре алмайтын дұшпандардың,
Іші мүлде қайнасын.




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Hinzugefügt

08.04.2019