Сен бақытсың songtext

Ернар Айдар

Сен бақытсың

2
0

Teilen:



Сені көрдім, көрдім де тоқтай қалдым
Жан дүнием оянып, оттай жандым
Осы екен-ау расында бақыт деген
Сенен артық ешкімді таппай қалдым
 
Қайырмасы:
Сен бақытсың оятқан ақ таңдағы
Періштемсің қорғаған арқамдағы
Енді менің қанатым талмайды
Ақ бұлттардай көңілім самғайды
Сен жанымда болсаң махаббатым
Ешкім мені мұңайта да алмайды
Жүрегің мен қолыңды маған сеніп тапсырдың
Кіре берші өміріме жатсынбай
 
 
Кәусарымсың сан жетпес бағасына
Сен ізетсің қазақтың даласына
Маған деген махаббат ұялаған
Мен ғашықпын көзіңнің қарасына
 
Қайырмасы:
Сен бақытсың оятқан ақ таңдағы
Періштемсің қорғаған арқамдағы
Енді менің қанатым талмайды
Ақ бұлттардай көңілім самғайды
Сен жанымда болсаң махаббатым
Ешкім мені мұңайта да алмайды
Жүрегің мен қолыңды маған сеніп тапсырдың
Кіре берші өміріме жатсынбай
 
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Сен бақытсың songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

19.10.2015