Қанатыңның түсі songtext

Ернар Айдар

Қанатыңның түсі

5
0

Teilen:



Сағындым ба, сағындым ба
Көңіл-күй жоқ ой мазалы.
Неге қондың маған келіп,
Сезімдердің шын ғазалы.
Қою түнде есіміңді
Жұлдыздармен кім жазады.
Кімнің туып айы оңынан
Болар екен кім жазалы.
 
Қайырмасы:
Жердің бетін киіндіріп
Қанатыңның түсіне сай.
Кім сенімен мақтануда
Жүрсің жаным жерлерде қай?
Сары алтындай сағыныш-ай
Оттай жанған жүрегім-ай.
Жалғыздықты көкте Жалғыз
Бір түсінсе, түсінер-ай.
 
Кірпігіңмен үп еткіз де,
Үміт отын жандырсаңшы.
Жаз боп кел де, қуаныштан
Мені есімнен тандырсаңшы.
Не болмаса өзің келіп
Көңілімді қалдырсаңшы.
Күз боп кел де, сұрланып ап,
Сары жапырақ жаудырсаңшы.
ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Қанатыңның түсі songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

22.10.2015