Teilen:


Songtext



1.
Өмірде тағдыр айдап,
Кездестім өзіңменен.
Кезім бал-бұл жайнап,
Қайғы-мұң сезілмеген.

Қайырмасы:
Тұңғиық көзіңдегі,
Бөлендім шапағатқа.
Бұл нәзік сезім бе еді,
Бұл әлде махаббат па?!

2.
Көңілді алып ұшқан,
Шаттығын жасыра алмай.
Жандардай сағынысқан,
Жалындап басыла алмай.

Қайырмасы:
Келеді құшақтағым,
Келеді еркелегім.
Ешкімге ұқсатпадым,
Не деген көркем едің?

3.
Бейнеңе елжіреген,
Тым ұзақ жаутаңдадым.
Жанымның мөлдіреген,
Сырларын айта алмадым.

Тұңғиық көзіңдегі,
Бөлендім шапағатқа.
Бұл нәзік сезім бе еді,
Бұл әлде махаббат па?!



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Hinzugefügt

29.10.2015
Musikvideos
Еркін Маулен ft. Маржан Арапбаева
Гүл сезім