Кездер-ай songtext

Ерке Есмахан ft. Бейбіт Кушкалиев

Кездер-ай

1
0

Teilen:


Торғындай  жұмсақ түндерде
Төбеде қалқып көшкен-ай
Жырларға толы күндермен
Сырларға толы кештер-ай
Көңілге куат жел берген
Күлкіге жомарт үйлер-ай
Шырқата салған әндер мен
Шалқыта тартқан күйлер-ай
Шалқыта тартқан күйлер-ай
 
Қайырмасы:
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай
Түбіңе жеткен көздер-ай

Арғымақ көңіл еліріп
Арынын әрең бастық-ай
Осылай лаулап өмірі
Өтердей болған жастық-ай
Кеттіңдер енді кімге еріп
Қуаныштар-ай мұңдар-ай
Күлімдеп өткен күндер мен
Жарқылдап өткен жылдар-ай
Жарқылдап өткен жылдар-ай
 
Қайырмасы:
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай
Түбіңе жеткен көздер-ай
Ерке Есмахан ft. Бейбіт Кушкалиев, Кездер-ай songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

28.02.2016
Musikvideos
Ерке Есмахан ft. Бейбіт Кушкалиев
Кездер-ай