Songtext
Дүние ұлы мейiрім
Махаббаттан жаралғандай
Қос жанар сұлу нәзік
Шапағаттан нәр алғандай
Қыз жібек ару
Гүл баян сұлу
Айнымас адал сенім
Ғашық жүрек қуатындай
Адалдық жанға серік
Мәңгі өмір мұратындай
Қыз жібек ару
Гүл баян сұлу
Мәңгілік елім
жұртым аңыз еткен
Жаңғыртып көшкен
ғасыр сазы жеткен
Халқымның
арулары-ай аяулы
Махаббаты баянды
Аққулы көлім аңыз
Тауым аңыз
Жерiм аңыз
Ғұмырын қыршын үзген
Ғашықтардың өмірі аңыз
Қыз жібек қандай
Гүл баян қандай
Мәңгілік елім
жұртым аңыз еткен
Жаңғыртып көшкен
ғасыр сазы жеткен
Халқымның
арулары-ай аяулы
Махаббаты баянды
Дүние ұлы мейрім
Махаббаттан жаралғандай
Қос жанар сұлу нәзік
Шапағаттан нәр алғандай
Қыз жібек ару
Гүл баян сұлу
Қыз жібек ару
Гүл баян сұлу
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).