Сағыныш саздары songtext

Дәулет ft. Гүлхан

Сағыныш саздары

0
0

Teilen:


Жұпар исi аңқыған,
Туған жердi сағындым.
Ән мен жыры шалқыған,
Думанды елдi сағындым.

Жетелеген мың арман,
Бала кездi сағындым.
Тал шыбықтай бұралған,
Қара көздi сағындым.
 
Аққу ұшып, қаз қонған,
Көлдерiмдi сағындым.
Тайға мiнiп мәз болған,
Белдерiмдi сағындым.
 
Селт еткiзген сезiмдi,
Аруларды сағындым.
Бәрiнен де өзiмдi,
Сағынғанды сағындым.
Дәулет ft. Гүлхан, Сағыныш саздары songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

28.10.2015