Songtext
Келін келді жамағат
Жаңа өмір келді жаңа бақ
Қарсы алып жаса үлкен той
Бабадан бізге ай аманат
Келін келді жатыңдар
Маңайды түгел шақыр бар
Беташар айтып шырқайтын
Ортаға шықсын ай ақындар
Келін келді көріңдер
Шығыстан шыққан күнің боп
Жар жарын айтып жастауын
Думаның өтсін ай дүрілдеп
Тілменен көзден сақтасын
Келінін жұрты мақтасын
Сыйынып жалғыз аллаға
Ақ босағадан ай аттасын
Есігі ссенсің ұрпақтың
Ақ тілегімді шарқыттым
Анаға тартар қыз туып
Атаға тартқан ай ұл тапқын
Келе ғой келін келе ғой
Алтын отауға ене ғой
Алдыңнан шыққан әр жанға
Иіліп сәлем ай бере ғой
Енеңді сыйла ентелеп
Атаңды сыйла еркелеп
Ырысың артық болады
Таң менен тұрсаң ай ертерек
Болғанмен келін біз үшін
Сен асылдардың ізісің
Бүгіннен бастап осы үйдің
Өзіңде қалқам ай қызысың
Ашылып жүрсін қабағың
Қалмасын босап табағың
Ақ келін айдай қарағым
Болсыншы құтты ай қадамың
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).