Жан-жарым songtext

Дамир Сансызбаев

2017

2
0

Teilen:



Жұлдыздай жанар күліп тұратын
Өкпем мен назымды ұмыттыратын
Сарқылмас сезімге құнықтыратын
Өзіңсің аяулы жан-жарым
Тек саған сырымды сан ақтарамын
Әніммен әлдилеп қанаттанамын
Жүзіңе көз алмай қарап тұрамын
Өзіңсің аяулы жан-жарым

Қайырмасы:
Әппақ тлекпен нәзік жүректен
Сезім дір еткен арман әнім
Тартып түнектен мені жыр еткен
Ойлап күн өткен сені жаным

Көркіңнен керім сол көңіл тапты емін
Кестелеп көңілдің кейбір сәттерін
Жазыла бастаған өмір дәптерін
Өзіңсің аяулы жан-жарым
Сәт сайын сарғайтып сағындаратын
Жапырақ жүректі жалын қылатын
Махаббат нұрына малындыратын
Өзіңсің аяулы жан-жарым

Қайырмасы:
Әппақ тлекпен нәзік жүректен
Сезім дір еткен арман әнім
Тартып түнектен мені жыр еткен
Ойлап күн өткен сені жаным
Дамир Сансызбаев, Жан-жарым songtext, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

Anonymous

17 März 2017

оте жаксы

13.10.2017
Nutzer