Бұқар жырау Құбылып тұрған бәйшешек (0) songtext

Құбылып тұрған бәйшешек songtext

Бұқар жырау

0
0

Teilen:


Құбылып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Ақиық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.
Сөзге көрме Абылай,
Мен пақырда сән бар ма,
Уақытым мұндай болғанда
Уақытым кетті басымнан,
Хан Абылай атанып,
Жайнап шықтың жасыңнан
Малмен ісің болғанда,
Уақытыңыз толғанда,
Қарашаң қашар қасыңнан.
Ханның жақсы болмағы-
Қарашаның елдігі.
Қараша халық сөйлесе,
Алтыннан болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас кемдігі.
Айтсам сөзім таусылмас,
Тоқтатайын сөзімді.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016