Бұқар жырау Керей қайда барасың? (0) songtext

Керей қайда барасың? songtext

Бұқар жырау

0
0

Teilen:


Керей қайда барасың,
Сырдың бойын көбелеп?
Сен қашсаң да, мен қойман,
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын,
Жауған күндей себелеп.
Ақмырзамды өлтірдің,
Ақ сойылмен төпелеп.
Мен - арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын,
Сен - бұзау терісі
шөншіксің,
Мен - өгіз терісі талыспын.
Абылай алдында сен бітсең,
Құдандалы таныспын.
Егер Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын:
Көшің кетер бір жаққа,
Малың кетер бір жаққа,
Көш соңынан жете алмай,
Есің шығар сол шақта.
Жар басына қамалып,
Жарты лашық тігерсің.
Ауызыңнан ас кетер,
Қара көзден жас кетер.
Бұ қылығың қоймасаң,
Сонау кеудедегі дулығадай бас кетер.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016