Бұқар жырау Алыстан қызыл көрінсе (0) songtext

Алыстан қызыл көрінсе songtext

Бұқар жырау

0
0

Teilen:


Алыстан қызыл көрінсе,
Манат емей немене.
Көтеріліп ұшқан соң,
Қанат емей немене.
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене.
Қамшылатып жүгірген
Шабан емей немене.
Айтқан сөзге түспеген
Жаман емей немене.
Сұрағанды бермеген
Сараң емей немене.
Кісі ақысын көп жеген
Арам емей немене.
Ішің аллаға мәлім,
Сыртыңдағы қулығың
Амал емей немене.
Сусағанда берген су
Шекер емей немене.
Һәммәтсіз ерге біткен мал
Бекер емей немене.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016