Бұқар жырау Ақсамнан биік тау болмас (0) songtext

Ақсамнан биік тау болмас songtext

Бұқар жырау

0
0

Teilen:


Ақсамнан биік тау болмас,
Баурында қашқан күзен көрінбес.
Ертістен үлкен су болмас,
Аққанда беті білінбес.
Қарағайдан артық ну болмас,
Ішінен аспаны көрінбес.
Ақшам батпай күн шықпас,
Ажал жетпей жан шықпас.
Ақ таң атпай күн шықпас,
Асыққанмен жаз келмес.
Етекті кессең жең болмас,
Ежелгі жау ел болмас.
Қара қойдың терісін
Сабындап жусаң ағармас.
Жалған көңіл табылмас,
Қараторғай қаз болмас.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан болмай боз болмас.
Іштен қыңыр туғанды
Тезге салсаң түзелмес.
Қанша бағып-қақсаң да,
Өзіңнен тумай ұл болмас.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Дос болғанмен хош болмас.
Екі жақсы дос болса,
Дос болса түбі бос болмас.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016