Жарай ма? songtext

BaGi

2017

8
0

Teilen:



Мен ұнатқан гүлді көрдім өзге бақтан,
Бақтың егесі сені қай елден тапқан?
Қандыруда жұпар иісің аңқып жатқан,
Сені ойлаумен таңдарым ұйқысыз атқан.
Неліктен кездеспедік біз бұрын,
Жүрегімде сақтаулы жүрген сырың.
Айта алмаймын өзіңе, қалай айтам,
Тіл қатамын саған мен, қалай батам?


[Қайырмасы]
Өзге бақтан, гүлім, сені үзіп алайын ба?
Орын беріп, жүректің отырғызып маңайына.
Іздеймін, жаным, сені, бостандықты қалайды ма,
Мен сені үзіп алам, ренжімегің, жарайды ма?!
Өзге бақтан, гүлім, сені үзіп алайын ба?
Орын беріп, жүректің отырғызып маңайына.
Іздеймін, жаным, сені, бостандықты қалайды ма,
Мен сені үзіп алам, ренжімегің, жарайды ма?!


Тартып алам, қажет болса, өзіңді жігітіңнен,
Астан-кестеңін шығарып, дым қалдырмай үмітінен.
Қара көшеге тақалды ғасырдың жиырма бірі,
Адамдар көрсетуде қылықтарды түрлі-түрлі.
Маған ұнады, боянбағаның, қылығың бөлек,
Қысқа емес, үстіңде сенің ұзын әсем көйлек.
Жүрген жүрісің бөлек, маған ауадай керек,
Алып кетем мына қызды, кешір мені, не керек.
Сенен басқа ашық айтар болсам ару қыздар көп,
Тура қыздар Егоржан айтқандай "барады ада боп".
Тұрсың өзге-дара боп, жүректе де жара боп,
Айып етпе, тым кеткеніме жас бала боп.


[Қайырмасы]
Өзге бақтан, гүлім, сені үзіп алайын ба?
Орын беріп, жүректің отырғызып маңайына.
Іздеймін, жаным, сені, бостандықты қалайды ма,
Мен сені үзіп алам, ренжімегің, жарайды ма?!
BaGi, Жарай ма? songtext, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

Nuria

27 Januar 2019

Admin

Liedtext sind hinzugefügt

08.03.2017