Аша Матай & Арман Қоңырбаев Жүрек сыңарым (0), songtext

Жүрек сыңарым songtext

Аша Матай & Арман Қоңырбаев

Жүрек сыңарым

9
2

Teilen:



Қос аққудай жарасқан,
Жазылмасын жұбымыз.
Армандарға жол ашқан,
Жарқырап күніміз.
Биіктерге самғайық,
Ақ айдынға қонайық.
Жұлдыз болып жанайық,
Мәңгі бір болайық.
Қ-сы:
Махаббатым жыр әнім,
Сен нұрлы шуағым.
Біз алау сезімнің,
Сөндірмейік шырағын.
Махаббатым тұмарым,
Жан сырымды ұғамын.
Сен мөлдір бұлағым,
Алтыным-ау сенсің жүрек сыңарым.
2) Өзіңді алғаш көргеннен,
Жүрек тулап кеудемнен.
Қарай бердің сол сәтте,
Маған ғашық көздермен.
Бұл өмірге ғажайып,
Ғашық жырын жазайық.
Шырқап әнге салай ық,
Мәңгі бір болайық.
Қ-сы:
Махаббатым жыр әнім,
Сен нұрлы шуағым.
Біз алау сезімнің,
Сөндірмейік шырағын.
Махаббатым тұмарым,
Жан сырымды ұғамын.
Сен мөлдір бұлағым,
Алтыным-ау сенсің жүрек сыңарым.






GM

Liedtext sind hinzugefügt

15.02.2016
Musikvideos
Аша Матай & Арман Қоңырбаев
Жүрек сыңарым