Арман Дүйсенов Жан қызым (2016), songtext

Жан қызым songtext

Арман Дүйсенов

2016

1
0

Teilen:



Бойжетіп толқыттың-ау, күнім, мені,
Жүрегім қимай сені дірілдеді.
Қайтейін, жанға қимас жарығым ең,
Шуақты жүрегімнің түбіндегі.
Әкеңнің жағып едің жаңа таңын,
Қыр гүлім, қызғалдағым, балапаным.
Барым да, бақытым да өзің едің,
Басқаға қалай қиям сені, жаным?

Қайырмасы:
От түсіп, өртенеді-ау өзегіме,
Мұндайда жан анашың төзеді ме?
Жүзіңе жел тигізбей өсіріп ем,
Барасың ұзатылып өз еліңе.

Қарағым, қай жерде де босаға – құт,
Қарайлап ел-жұртыңа босама түк.
Бағыңды аш, барған жерде бақытты бол,
Бақ құсым, қосағыңмен қоса ағар-ай.

Қайырмасы:
От түсіп, өртенеді-ау өзегіме,
Мұндайда жан анашың төзеді ме?
Жүзіңе жел тигізбей өсіріп ем,
Барасың ұзатылып өз еліңе.






Admin

Korrigierte Text

19.02.2017
Nutzer

GM

Musikvideos
Арман Дүйсенов
Жан қызым