Ақмаржан Таубаева‎ Пушкин мен дала (0) songtext

Пушкин мен дала songtext

Ақмаржан Таубаева‎

0
0

Teilen:


Когда б не смутное влеченье
Чего-то жаждущей души,
Я здесь остался б - наслаждены
Вкушать в неведомой тишиье.
(А.С.Пушкин!)

Маңғаз Пушкин маң даланы аңсады,
Жайық бойы болып оның аңсары.
Мүмкін тістеп заманының иттері,
Жалықтырды ұзын-шұбақ дау - шары.
Орынбордан тартты тура Оралға,
Ақын жаны көрмей тыным табар ма?
Шығарып сап ұлы ақынды досы Даль,
Көп сыр айтты жырға тиек боларға.
«Жабайылау, ғажайыбы көп өлке»,
Жайығымен, балығымен тым көркем.
Құрақ ұшып қарсы алады ақынды
Келе жатқан Санкт-Петербургтен!
Ағыл-тегіл. Атаманның ауласы,
Ақсүйектің өзгеде жоқ шаруасы.
Ұлы ақын үш күн тұрды аялдап,
Елді ұнатты ойға қозғау салғасын.
Жазып алып «Қозы-Көрпеш Баянды»,
Бәлкім маздап ақын жаны оянды.
Бұйра шашты, қоңырқай жүз Пушкиннің
Архивінен табылыпты «Баян» жыр.
Дала, дала - маңғыз дала, сар дала,
Бауырыңнан сабыр тапқан бар дана.
Орыстардың ең сүйікті ақынын
Табындырған сұлулығың бар дара.
Дала қызы - мен осыны түйсінем,
Жусаным-ай, әрбір талы күй сіңген.
Дала менен табыстырған Пушкинді,
Табиғи бір жарастыққа сүйсінем,
Жарастыққа сүйсінем!






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016