Ақерке Қапашева Менің Отаным – Қазақстан (0) songtext

Менің Отаным – Қазақстан songtext

Ақерке Қапашева

0
0

Teilen:

lamoda kz

Отаным, туған жерім – Қазақстан,
Ауыр күндер артта қалды азап құшқан.
Бүгінде ұландарың еркін күліп,
Көгіңде қырандарың азат ұшқан.Кең байтақ Қазақстан, жасыл далам,
Көп қиындық көрсе де жасымаған.
«Татулық», «Бейбітшілік» басты ұраның,
Сондықтан ешбір дұшпан басынбаған.Басқадан ешбір ғажап, сый күтпеген,
Күн көруде халқың адал тірлікпенен.
Ашыққанда азық болар, шөлдегенде,
Шөл қандырар сусыны бар – бірлік деген.Қазақстан! Ұмтылған алға қарай,
Сенен артық, ерек ел бар ма? Қалай?
Адал жүрек, ақ пейілді халқыңменен,
Жетістікке жете бер алда талай.






Admin

Liedtext sind hinzugefügt

11.07.2017