Анашым songtext

Айгерім Мамырова

2019

15
0

Teilen:



Жаратқан өмір берші анашыма
Көзінің жастан тамбасын шарасынан
Көрмейтін бойындағы кемшілігін
Әр ана ессіз ғашық баласына

Қайырмасы
Ең жақын жанашырым ардақты ана
Мінезі қорғасындай салмақты ана
Астынан табанының кілтін алып
Өзіңмен бірге кірсем жәннәтқада

Жанымда жүз жасаған анам болса
Үлкейіп келе жатыр амал қанша
Әжімің айтып қояр бетіндегі
Бейнетін жасырғанмен адам қанша

Қайырмасы
Ең жақын жанашырым ардақты ана
Мінезі қорғасындай салмақты ана
Астынан табанының кілтін алып
Өзіңмен бірге кірсем жәннәтқада



Айгерім Мамырова, Анашым songtext, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Korrigierte Text

28.03.2019
Nutzer