Айдар Тұрғанбек Той жыры (2019), songtext

Той жыры songtext

Айдар Тұрғанбек

2019

5
0

Teilen:



Махаббаттың құдірет күші әлдилеп,
Екі жастың табыстырған жүрегін.
Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет,
Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін.

[Қайырмасы]
Той үстiнде тәтті күндер,
Жас жұбайлар шат күліңдер.
Ән салайық, би билейік,
Шарықтасын шаттық үндер.

Бipгe аттанып болашаққа, өмipгe,
Tiктi бүгін ортамызға отауын.
Қуаныш пен бақыт орнап көңілге,
Тойламаққа келді бүгін көп қауым.

[Қайырмасы]
Той үстiнде тәтті күндер,
Жас жұбайлар шат күліңдер.
Ән салайық, би билейік,
Шарықтасын шаттық үндер.

Жас шаңырақ болсын бақыт 6eciгi,
Жас жұбайлар, құтты болсын тойларың
Кең ашылсын болашақтың eciгi,
Орындалсын арман, тiлек, ойларың.

[Қайырмасы]
Той үстiнде тәтті күндер,
Жас жұбайлар шат күліңдер.
Ән салайық, би билейік,
Шарықтасын шаттық үндер






Admin

Korrigierte Text

11.11.2019
Nutzer